Екеуі де әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Астанада жол бөлісе алмаған көлік жүргізушілері төбелес шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Куәгерлер түсірген видео Instagram-дағы Astana brothers парақшасына жарияланған. Кадрда екі ер адамның жол үшін төбелес шығарғанын байқауға болады. Ал жолдан өтіп бара жатқан көліктер оларға сигнал берген.
Видеоға қатысты Астана қаласының ПД баспасөз қызметі пікір білдірді.
10 қыркүйекте Тұран даңғылында Mitsubishi Pajero мен Toyota Camry көлігінің жүргізушілері жол бөлісе алмай, төбелес шығарған. Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін қос жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жолданды, - деп хабарлады ведомство.