×

Қазақстандықтар жасанды интеллектіні күнделікті өмірде қолдануды үйрене бастады

Тағы бір тегін оқу мүмкіндігі пайда болды

 Қымбат Елтайқызы 11.09.2024 | 17:09
коллаж: Halyq Uni

Елімізде халықты жасанды интеллектіні күнделікті өмірде қолдануға үйрету курсы басталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Blockchain & AI Technology Center (BAITC) және Astana Hub Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен 30 қыркүйек пен 27 қазан аралығында өтетін жасанды интеллект (ЖИ) бойынша тегін білім беру курсын іске қосады. Бұл курс дайындық деңгейіне қарамастан баршаға арналған және қатысушыларға ЖИ негіздерін меңгеруге және осы білімді нақты мәселелерді шешуге, жұмыс процестерін жақсартуға арналған. Ол қаржы, денсаулық сақтау, маркетинг және көлік сияқты әртүрлі салада тиімділікті арттыруға қалай қолдануға болатынын түсінуге көмектеседі.

AI People — жасанды интеллекті мүмкіндіктерін күнделікті және кәсіби өмірді жақсарту үшін меңгеруге арналған. Дайындық деңгейіне қарамастан барлығына арналған 4 апталық тегін курс. Бағдарламаға тапсырмаларды жеңілдетуге арналған 20-дан астам ЖИ құралына қол жеткізу, шығармашылық жұмыс пен жазуға арналған 40+ промпттарды меңгеру, сонымен қатар үдерістерді автоматтандыру және бюджетті оңтайландыру секілді әдістер кіреді. Қорытындыда қатысушылар өз дағдыларын Demo Day күні көрсете алады. Курс күнделікті өмірде технологияны практикалық қолдануға баса назар аудара отырып, халықты ЖИ-ке жаппай оқытуға бағытталған. Әр апта сайын ең белсенді қатысушыларға ChatGPT Plus жазылымдары ойнатылады.

Генеративті ұлт — бұл жасанды интеллектіні дамытуға және инновациялық экожүйені құруға бағытталған Қазақстанның ұлттық қозғалысы. Алайда, бұл тек инженерлерді даярлаумен шектелмейді — қозғалыстың маңызды бөлігі қоғамды оқытуға арналған. Осы мақсатта біз күнделікті өмірде, оқу мен жұмыста жасанды интеллектіні қолдануды үйренуге мүмкіндік беретін баршаға ашық AI People жобасын іске қосамыз, — деді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев.

«AI People курсының іске қосылуы елімізде жасанды интеллект саласында адами капиталды дамытудағы маңызды қадам саналады. Біз бұл курсты адамдарға жасанды интеллектінің негіздерін үйретіп қана қоймай, оларды осы салада әрі қарай дамуға шабыттандыру мүмкіндігі ретінде қарастырамыз. Бұл жасанды интеллект индустриясы мен IT секторы үшін маңызды», –  дейді Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиев.

«Жасанды интеллект біздің өміріміз бен жұмысымыздың әртүрлі аспектісін өзгертуге үлкен әлеуетке ие. Біздің курс қатысушыларға әртүрлі салада ЖИ-ді тиімді пайдалану үшін қажетті практикалық дағдылар мен білім береді», –  деді Blockchain & AI Technology Center (BAITC) бизнесті дамыту жөніндегі директоры Алтынай Өмірзақ.

Курс практикалық дағдыларды игеруге және болашақ мансапқа дайындалуға ұмтылатын студенттерге, бәсекелестік деңгейі төмен және табыс деңгейі жоғары өз орнын іздейтін мамандарға, бір типті міндеттерге байланысты шығармашылық мүмкіндіктері шектеулі маркетологтарға, процестерді автоматтандыруға ұмтылатын, бірақ бәрін өз бетінше орындауға мәжбүр кәсіпкерлерге, шығармашылық мамандарға, күнделікті жұмыстан шаршаған және жаңа тәсілдерді іздейтін адамдарға, сондай-ақ кәсіби қызмет үшін жеке уақытты құрбан етуге мәжбүр болған фрилансерлер мен IT мамандарына пайдалы болмақ.

Жасанды интеллект саласындағы білім мен дағдыларға сұраныс бүкіл әлемде өсіп келеді. BAITC және Astana Hub тегін бағдарламасы іргелі білім алуға және осы перспективалы салада мансапты дамытуға бірегей мүмкіндік береді – деп қосты ведомство.

Қалай тіркелуге болады?

Бағдарламаға қатысу үшін сайтта тіркелу қажет. Тіркелу формасына сілтеме осы. Бағдарлама туралы қосымша ақпарат алу үшін team@baitc.org электрондық поштасы арқылы хабарласуға болады.

Blockchain & AI Technology Center (BAITC) – блокчейн және жасанды интеллект технологияларын жаппай енгізуді белсенді түрде насихаттайтын тәуелсіз зерттеу институты. Бұл жұмыс білім беру бастамалары, кәсіби сертификаттау және саланың жетекші ойыншыларымен стратегиялық серіктестіктер құру арқылы жасалады.

Astana Hub – Орталық Азиядағы ең ірі халықаралық стартаптар технопаркі. Хаб Қазақстандағы инновациялар мен стартаптардың дамуына ықпал етеді және оларға қолдау мен ресурстардың экожүйесіне қолжетімділік береді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама