Қазақстандық студенттер Google AI курстарын тегін оқи алады

Қымбат Елтайқызы

Жасанды интеллект курстары нақты кімдерге қолжетімді екені белгілі болды

коллаж: Halyq Uni

Жақында еліміздің жоғары оқу орындарында Google компаниясымен ынтымақтастықта Generative AI бойынша курстар іске қосылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Google-мен келісім аясында студенттер бұрын тек компания қызметкерлеріне арналған Google AI ішкі курстарына қол жеткізе алады. Бұл курстар жасанды интеллект негіздерін және қосымшаларды әзірлеу дағдыларын қамтиды. Бұл студенттерге AI құзыреттілігін едәуір кеңейтуге мүмкіндік береді, – деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглованың айтуынша, Google-мен ынтымақтастық 13 жоғары оқу орнынан 6000 студентке оқуға тегін лицензия береді. Щеглова жоба студенттер мен түлектерге жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыратынын атап өтті. Нәтижесінде IT-нарық жасанды интеллект саласында елдегі технологиялардың одан әрі дамуына ықпал ететін жаңа мамандар ағыны болады деп күтіліп отыр.