×

Азат Перуашев орынбасарының ұсталуына қатысты пікір білдірді

«Ақ жол» партиясының төрағасы орынбасарының ұсталғанын ІІМ растады

 Дәурен Ерболат 11.09.2024 | 11:30
Азат Перуашев, фото: inform.kz

«Ақ жол» партиясының төрағасы, депутат Азат Перуашев ұсталған орынбасары Дмитрий Васильевке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Алдымен ол ақпараттың БАҚ-та жарияланғанын атап өтті.

Алайда мәлімет ресми болған жоқ. Жұмада біз ҰҚК-ға сауал жібердік. Кеше біз «Дмитрий Васильев ұсталды» деген ресми жауап алдық. Бізге оның адвокаттарын көрсетті. Кеше біз оларға хабарласуға тырыстық, нәтиже болмады. Бірақ бүгін-ертең біз оларды табамыз деп үміттенемін. Адвокаттар беретін ақпаратқа сүйене отырып, біз не болып жатқанын түсінеміз, - деді Азат Перуашев.

Депутат оқиғаның мән-жайы анықталып жатқанын, орынбасары бопсалаудың құрбаны болуы мүмкін екенін жеткізді.

Қандай бап екенін растамады. Қандайда бір қызметтік хаттар тараған сияқты. Дәлірек айтсақ, оған емес, Ұлттық ұланның лауазымды тұлғасына «пара алды» деп айып тағылған болуы мүмкін. Мұнда істің не туралы екенін түсіну керек. Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес, пара беруге мәжбүр болған адам қылмыскер деп саналмайды. Параның бастамашысы кім екенін түсіну керек. Не Васильев, не ол бопсалаудың құрбаны болды, - деді партия төрағасы.

Айта кетейік, 4 қыркүйекте әлеуметтік желіде Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкин мен «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дмитрий Васильевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ақпаратты ІІМ растаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама