Түркістан облысының тұрғыны үйінде арыстан мен жабайы құстар ұстаған
Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр
Түркістан облысында полиция тұрғынның үйінен арыстан мен жабайы құстарды тәркіледі, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, Сарыағаш ауданының тұрғыны ауласынан бір арыстан, екі бүркіт, сұңқар, екі үкі және екі кекілік ұстаған. Ер адам жабайы аңдарды өз қажеттілігі үшін асырағанын жеткізді.
Тәркіленген жануарлар Шымкент қаласындағы зообаққа орналастырылды.
Қазір осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды және қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.