Астанада 9-сынып оқушылары топ құрып, қатарластарына күш көрсетіп жүр (ВИДЕО)
Видеодағы бірнеше жасөспірім құрдастарын мазақ еткен
Әлеуметтік желіде елордалық мектеп-гимназиялардың бірінде жаппай ұрып-соғу фактісі тіркелген видео тарады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Видеодағы бірнеше жасөспірім оқушы құрдастарын мазақ еткен. Куәгерлердің айтуынша, 15 жасөспірім тұрақты негізде өз қатарластарын ұрып-соғып, қорқытып-үркітумен айналысады екен.
Бұл жайтқа қатысты Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.
Аталған факті бойынша оқиғаның барлық қатысушысы – 9-сынып оқушылары анықталды. Олардан ата-аналарының қатысуымен сұрақ-жауап алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Соның нәтижелері бойынша оқушылардың іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі, – делінген ресми хабарламада.