×

«Сарбаздарды прокуратура ғимаратын салуға мәжбүрлеген»: ведомство түсінік берді (ВИДЕО)

Бір топ сарбаздың салынып жатқан ғимараттың құрылыс алаңына кіріп бара жатқанын көруге болады

 Халық үні 11.09.2024 | 08:05
фото: Halyq Uni

Желіде сарбаздардың Атырау облысы прокуратурасының ғимаратын салуға мәжбүр болғаны туралы видео пайда болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кадрдан әскери микроавтобустан түскен бір топ сарбаздың Атырау облыстық прокуратурасының салынып жатқан ғимаратының құрылыс алаңына кіріп бара жатқанын көруге болады. Олардың Атырау облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметкерлері екені анықталды. Облыстық прокуратура видеоға қатысты мәлімдеме жасады.

Атырау облысының прокуратурасы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңның негізінде тауар-материалдық құнды заттарды ҰҚК Шекара қызметінің Атырау облысы бойынша департаментіне тапсырды. 2024 жылдың 9 қыркүйегінде ҰҚК Шекара қызметі департаменті өткізілген жүкті тиеген, – делінген облыстық прокуратураның Курсив баслымына берген жауабында.

Сондай-ақ ведомство әскери қызметшілер прокуратура ғимаратын жөндеу жұмыстарына тартылды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Облыс прокуратурасы ғимаратын жөндеу жұмыстарына әскери қызметшілер тартылған жоқ. Прокуратура тұрғындарға жалған ақпарат таратпауға және ресми дерек көзіне ғана сенуге шақырды, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама