Halyq Uni логотип
×

1,8 млн қазақстандық 85 мың теңге жалақы алады

Елде атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайған

 Дәурен Ерболат 10.09.2024 | 17:18
1,8 млн қазақстандық 85 мың теңге жалақы алады
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда 1,8 млн адам ең төменгі жалақы – 85 мың теңгеге күн көріп жүр. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Статистикаға жүгінсек, елімізде 1,8 млн азамат ең төменгі жалақы 85 мың теңгені алып жүр. Оның ішінде шамамен 361 мың адам – азаматтық жұмысшылар, - деді Светлана Жақыпова Үкіметтің баспасөз орталығында.

Сондай-ақ министр АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушылардың саны азайғанын жеткізді.

2023 жылдың соңында 571 мың азамат атаулы әлеуметтік көмек алса, қазір бұл көмекті алатындардың саны 380 мыңнан асты, - деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама