Жетісу облысында медицина қызметкерлері жауапқа тартылды
Мүгедектігі бар азаматтардың құқығы бұзылған
Жетісу облысында медициналық ұйымдар мүгедектігі бар адамдардың құқығын бұзған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Прокурорлар 2024 жылы медициналық ұйымдар 3-4 топтағы онкологиялық диспансерлік есепте тұрған облыстың 18 тұрғынын медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермегенін анықтады.
Осылайша, олар мүгедектігін рәсімдеу және кепілдік берілген әлеуметтік жәрдемақы алу мүмкіндігінен айырылған.
Прокурорлық қадағалау актісіне сәйкес, барлық бұзушылық жойылды. Барлық адам медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберіліп, олардың екеуі әлеуметтік төлемдерді тағайындау арқылы мүгедектік мәртебесін алды, – делінген прокуратура хабарламасында.
Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру құқығын бұзғаны үшін 3 медицина қызметкері жауапкершілікке тартылды.