Көшпенділер ойындарына Шымкенттен 85 жастағы қария велосипедпен келе жатыр

Халық үні

Жолаушыны Шымкенттен жерлестері, шәкірттері мен ұл-қыздары шығарып салды

фото: видеодан скриншот

Шымкенттік қария Астанада өтіп жатқан Көшпенділер ойындарына велосипедпен баруды жөн санаған, деп хабарлайды Halyq Uni Ontustiktv.kz-ке сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, 85 жастағы ақсақал 1 500 шақырымды велоспиедпен еңсеріп өтіп, жерлестеріне қолдау білдірмек ниетте. Бұл қадам әрі денсаулыққа да пайдалы, елде болып жатқан елеулі шараға үлес қосу – әркімнің азаматтық борышы дейді. Осы орайда Астана төрінде өтіп жатқан дүбірлі доданы насихаттап, елдің атын шығаруға атсалыспақ.

Жастайынан велосипед айдап, талай сайыста топ жарған Кеңесбек Сейдімбекұлы үшін бұл сапар да қиынға соқпайтыны белгілі. Жолаушыны Шымкенттен жерлестері, шәкірттері мен ұл-қыздары шығарып салды.

Батагөй қария бейбіт күнде дүбірлетіп ат шаптырып, той тойлап жүргеніміз ата-бабаның арманы еді дейді.