×

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Астанадан пәтер берілді

Әбиба Әбужақынова да сый-сияпатсыз қалмады

 Халық үні 09.09.2024 | 23:08
фото: дереккөз

Алматыда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен дзюдодан Олимпиада жеңімпазы мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Бұл туралы Дзюдо федерациясының атқарушы директоры Айбек Имашев Instagram-дағы парақшасына жазды.

Салтанатты шараға Қазақстан дзюдо федерациясының вице-президенттері, бас хатшы, спортшылар мен жаттықтырушылар құрамы қатысты.

Сонымен, дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан 3 бөлмелі пәтер кілті, ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан 1 бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді.

Сондай-ақ әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарында 5-орынға тұрақтаған Әбиба Әбужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды.

Спортшылардың жеке жаттықтырушылары мен ұлттық құраманың әрбір жаттықтырушысына, ғылыми-кешенді топ өкілдеріне тиісті дәрежеде құрмет көрсетілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама