Оқиғаға қатысты Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады
Астанада бір топ оқушы бір баланы 5-қабаттың балконынан лақтырмақ болған, деп хабарлайды Halyq Uni.
Балалардың ерсі әрекеті түсірілген видео Telegram-дағы EGOV.PRESS арнасына жарияланды. Видеоны балалардың бірі түсіріп алған. Олар жабылып, бір баланы Sezim Qala тұрғын үй кешенінің 5-қабатынан лақтырғалы жатқандарын айтады. Бірақ салмағы ауыр болғандықтан оны көтере алмаған.
Баланың ата-анасы полиция қызметкерлерінен кінәлілерді жазалауды талап етіп отыр.
Оқиғаға қатысты Астана қалалық ПД баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Бұл факті тіркелді. Оқиғаның барлық қатысушысы анықталды. Мән-жайлар заңды өкілдердің қатысуымен анықталып жатыр, - делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.