Олар аса ірі көлемде ақша жымқырды деп күдікке ілініп отыр
Ішкі істер министрлігі Шымкетте полиция басшыларының ұсталуына қатысты түсінік берді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымкент ПД Қаржылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы Бақтияр Баяновты және полиция аға лейтенанты Қуаныш Әбдалин ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. Ондағы ақпаратқа сәйкес, олар мемлекетке шамамен 370 млн теңге шығын келтірген.
ІІМ бұл жағдайға қатысты түсінік берді.
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ішкі істер министрінің тапсырмасымен Өзіндік қауіпсіздік департаменті қызметтік тексеруді бастады. Оның қорытындысы бойынша қатаң шара қабылданып, кінәлілер заңға сәйкес жазаланады, - деп жазылған хабарламада.
ІІМ құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеу принципін ұстанады.