×

«Негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі»: Шиповских қазақтың тойын сынады

Көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар

 Еркеғали Болатұлы 10.06.2022 | 15:51
фото: ашық дереккөз

Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских 1001 түн бағдарламасында қонақта болып, тойдағы әдепсіздіктер мәселесі туралы пікір білдірді.

Оның айтуынша, қазақ тойындағы негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі болып отыр. Сондай-ақ көрші елдерде той өткізуге қатысты арнайы заң бар екенін де атап өтті.

«Бүгінде той тақырыбы халқымыздың арасында мәдениет қалыптастыратын дүние. Негізгі мәселе – асабалардың мәдениетсіздігі.

Парламент депутаты болғаннан кейін тойдың заңнамасына тоқталғым келеді. Бүгінде көрші елдерде тойға байланысты нақты заңнамалық актілер бар. Егерде сіз той жасайтын болып, 200-300 адам шақырсаңыз, той бюджеті 1 млн теңге болу керек. Одан асқан жағдайда арнайы комиссия 3-4 млн теңге аралығында айыппұл салады.

Жалпы бұл мәселе бұрын көтерілген еді. Сол кезде қоғам бұған дайын болған жоқ. Мәселе қозғар алдында әлеуметтік зерттеулерге жүгіндік», – деді Геннадий Шиповских.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Оқушыларға шетелге рұқсатсыз шығуға тыйым салынуы мүмкін

25 мамырда оқушылардың бір тобы Оқу-ағарту министрлігінің рұқсатынсыз Қырымға барған еді
06.06.2023 | 16:55

Қостанай облысында жол апатынан ер адам мен баласы қаза тапты (ВИДЕО)

Тағы 3 жолаушы ауруханаға жатқызылды
06.06.2023 | 16:48

Әскери мектептегі әлімжеттік: Қорғаныс министрлігі түсінік берді (ВИДЕО)

Ведомство мамандары бейнежазбаны тексерген
06.06.2023 | 16:35