Төтенше жағдайлар министрлігі өртке қарсы комитеттің бас маманы Зияда Елдос биыл Қазақстанда қанша адамның өрт салдарынан көз жұмғанын айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Оның айтуынша, жыл басынан бері Қазақстанда 6 700 өрт тіркелген. Былтырғы көрсеткіш – 7 500.
Биыл 8 айда өрттен 197 адам қаза тапқан. 2023 жылы тілсіз жаудан жалпы 244 адам көз жұмған. Еліміз бойынша жер үйлерде өрт жиі тіркеледі. Мұндай жағдай көбінесе жылыту маусымы кезінде пештің дұрыс жанбауынан және электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан болуы мүмкін, - деді Зияда Елдос.
Айта кетейік, биыл Қазақстанда 200-ге жуық адам суға батып көз жұмған.