Қазақстандықтар арасында түсіндіру жұмысы жүргізілген
Биыл Қазақстанда 200-ге жуық адам суға батып көз жұмған. Бұл туралы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасы орынбасары Алексей Советов айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Өкінішке қарай, түсіндіру жұмысына қарамастан қайғылы деректер бар. Шомылу маусымы басталғалы 164 адам қаза тапты. Оның 54-і – бала. Өткен жылмен салыстырғанда қайғылы оқиға дерегі азайды. Мысалы, жыл басынан бері 182 адам суға батса, өткен жылғы көрсеткіш – 204 адам, - деді Алексей Советов.
ТЖМ дерегінше, суға батқандардың 90%-ы жабдықталмаған және тыйым салынған жерлерде шомылса, 58%-ы ауылдық жерлерде суға батқан, ал 39%-ы мас күйде болған.
Сонымен қатар суға батып көз жұмған 54 бала ата-ананың қарауынсыз болған.