Алматы облысында шенеуніктер жұмыс уақытында дәмханада ішімдік ішіп отырған (ВИДЕО)

Халық үні

Арақ, пиво, коньяк... Ұсталдыңыздар! - дейді әйел

фото: видеодан скриншот

Алматы облысында қоғамдық белсенді Күнсұлу Мүлкібаева отырыстың үстінен барып қалып, шенеуніктерді қуып жүріп видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Halyq Uni kyn.kz Telegram арнасына сілтеме жасап.

6 қыркүйекте дәмханалардың бірінде мәслихат депутаты Ләззат Тұрлашев және Жетісу облысына қарасты Кербұлақ ауданы әкімінің қос орынбасары Дәурен Жолжанов, Нұрлан Әбденов кездескен. Ал сарыөзектік белсенді Күнсұлу Мүлкібаева олардың үстінен түскен. Содан ол бірден камерасын қосып, шенеуніктер отырған стол басына жетіп барады.

Міне, жұмыс уақытында замдар отыр. Екі зам бірдей отыр, міне. Бүгін – 6 қыркүйек. Қазір 102 шақырамын. Қандай әдемі отырыс? Қараңыздар, Әденов отыр. Ешқайда кетпейсіздер! Неге қашасыздар? Арақ, пиво, коньяк... Ұсталдыңыздар! Бірінші зам Нұрлан аға, - дейді әйел.

Шенеуніктер орындарынан тұра қашады. Белсенді үстел басына қайта оралып, дастарханда шынымен ішімдік толы екенін көрсетеді. Сол мезетте 102 бойынша шақырылған полицейлер де келеді. Бірақ олар шенеуніктердің әрекетіне қатысты ешқанда арыз-шағым, заңбұзушылық тіркемеген.