Сот Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырудан бас тартты
Ол – біздің мемлекет үшін өте лайықты әке, – деп кекетті Назым Қаһарман
Әйелін аяусыз өлтіргені үшін сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты сот ата-ана құқығынан айырудан бас тартты, деп хабарлайды Halyq Uni.
Біздің «әділ сот» оны ата-аналық құқығынан айыруға негіз жоқ деп шешті. Ол – біздің мемлекет үшін өте лайықты әке, – деп жазды бұрынғы әйелі Назым Қаһарман Instagram-дағы парақшасына.
Ол Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келетінін жеткізді. Өйткені қазір өз балаларын шетелге шығару үшін әкелерінен рұқсат қағазын алуы керек екен.
Бұл жерде әр қағаз үшін, оның қандай да бір келісімі үшін қауіпті қылмыскерді іздеп, түрмеге қайта-қайта бару мәселе болып тұр. Оның келісімінсіз балаларым жаттықтырушымен, не болмаса мұғалімімен ешқандай жарысқа бара алмайды. Балалар әлі күнге соның тегімен жүр. Өйткені екінші ата-ананың келісімінсіз тегімізді өзгерте алмаймыз. Кез келген қарапайым ата-ана мұндай рұқсатты алғашқы күндерінен-ақ берер еді. Бірақ балалар бір жылға жуық уақыт бойы келеңсіз жайтқа тап келіп және оған төзіп жүруге мәжбүр болды, - деді Назым Қаһарман.