Halyq Uni логотип
×

Баян Алагөзованың бірреттік киімі 68,2 млн теңге тұрады

Қолсағатының өзі – 23 млн 350 мың теңге

 Халық үні 08.09.2024 | 21:45
Баян Алагөзованың бірреттік киімі 68,2 млн теңге тұрады
фото: Instagram: UGC

Продюсер Баян Алагөзованың киген киімі мен таққан алқа-моншақтарының, сағатының бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Блогер Жансая Әміршәріпқызы TikTok желісінде оның бірреттік киген киімінің бағасын айтты.

Блогердің айтуынша, продюсердің үстіне киген джинсы күртеше – «Prado» брендінен. Бағасы – 925 мың теңге. Майкасы да осы брендтен. Бағасы – 425 мың теңге. Ал туфлиі – Jimmy choo брендінен. Бағасы – 800 мың теңге.

Chanel брендінен алған сөмкесі – 2 млн 800 мың теңге. LV брендті көзілдірігі 280 мың теңге тұрады.

Продюсердің таққан әшекейлері де ерекше қымбат. Алтыннан жасалып, гауһартаспен әрленген алқасы – Van Cleef зергерлік үйінің өнімі. Бір мотивілі Vintage Allhambra pendant моделі 4 млн 600 мың теңге тұрады. Ал 16 мотивімен 18 млн 700 мың теңгеге бағаланады.

Қолына таққан білезігі Сartier брендінен – 7 млн 350 мың теңге. Сағаты да дәл осы брендтен, 23 млн 350 мың теңге тұрады. Ал жылан формасындағы екі рет оралып, гауһар тастармен көмкерілген сақинасы Bulgari брендінен. Бағасы – 9 млн теңге.

Сонымен Баян Мақсатқызының бірреттік киген киімінің бағасы – 68 млн 230 мың теңге.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама