×

Назым Қызайбайға тағы бір жаңа көліктің кілті табысталды (ВИДЕО)

Әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкунжан Каменовке де ат мінгізілді

 Халық үні 08.09.2024 | 20:30
фото: Тұрар Қазанғапов

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайға құрмет көрсетіліп, су жаңа көліктің кілті табысталды. Сондай-ақ спортшының әкесі мен бапкері де назардан тыс қалмады, деп хабарлайды Halyq Uni Райымбек ауданының әкімдігіне сілтеме жасап.

Еліміздің даңқын әлемге танытқан жас спортшыға Райымбек ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен, ауданның атқамінер азаматтарының қолдауымен су жаңа Lixiang L7 автокөлігінің кілті табысталды, - делінген жазбада.

Сондай-ақ спортшының әкесі Абай Қызайбай мен жеке бапкері Долкунжан Каменовке де құрмет көрсетіліп, бір-бір ат мінгізілді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама