Halyq Uni логотип
×

Көшпенділер ойындары кезінде медициналық көмек қалай көрсетіледі

Ойындар бүгін басталды, ресми ашылуы кешке өтеді

 Қымбат Елтайқызы 08.09.2024 | 09:59
Көшпенділер ойындары кезінде медициналық көмек қалай көрсетіледі
фото: Halyq Uni

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде астаналық медициналық ұйымдардың қалай жұмыс істейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жарыс күндері қалалық емханалар мен ауруханалар штаттық режимде жұмыс істейді және қажетті медициналық көмек көрсетуге дайын болады. Резервтік бейінді палаталарды бөліп, шұғыл медициналық көмек көрсетуге толық дайындық қамтамасыз етілді, деп мәлімдеді жергілікті әкімдік.

103 қызметі диспетчерлер мен жедел жәрдем бригадаларының үздіксіз жұмысын жалғастырып жатыр. Өтініштер мен қоңыраулар 24/7 бойы қабылданады, – деп қосты ведомство.

Елордалық стационарлар әдеттегідей белсенділігін төмендетпей, тәулік бойы жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама