Halyq Uni логотип
×

Қар жауып, үсік жүреді: ертеңгі ауа райы белгілі болды

Синоптиктер болжамы жарияланды

 Қымбат Елтайқызы 07.09.2024 | 21:04
Қар жауып, үсік жүреді: ертеңгі ауа райы белгілі болды
фото: Halyq Uni

«Қазгидромет» ертең, 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Павлодар облысы

Облыстың солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысы

Түнде және таңертең аймақтың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады. Күндіз өңірдің солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда түнде және таңертең тұман болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел еседі, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы

Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде аймақтың шығысында 2 градус үсік сақталады.

Абай облысы

Өңірдің батысы, солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі болады.

Маңғыстау облысы

Облыста және Ақтауда төтенше өрт қаупі сақталады. 

Батыс Қазақстан облысы

Аймақтың солтүстігі мен солтүстік-шығысында, Оралда жоғары өрт қаупі сақталады. Ал өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі болады.

Атырау облысы

Өңірдің басым бөлігінде, Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысы

Күндіз облыстың солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады. Күндіз аймақтың солтүстігі, батысы мен таулы аудандарында 15-20 м/с. Өңірдің басым бөлігінде, Шымкентте төтенше өрт қаупі (5 санат) болады. Түркістан қаласында күннің екінші жартысында найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. 

Қызылорда облысы

Облыстың солтүстігі мен орталығында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады. Күндіз аймақтың солтүстігі мен шығысында күші 15-20 м/с жетеді. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қаупі, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында күндіз найзағай, дауыл күтіледі. 

Жетісу облысы

Облыста солтүстік-шығыстан жел соғады. Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. Аймақтың солтүстігінде төтенше өрт қаупі, батысында жоғары өрт қаупі болады.

Ақмола облысы

Түнде және таңертең өңірдің батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматы облысы

Күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Аймақтың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта солтүстік-шығыс пен шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысы

8-9 қыркүйекте түнде өңірдің таулы аудандарында тұман, күндіз найзағай күтіледі. Осы екі күнде солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аудандарда 15-20 м/с жетеді. 8-9 қыркүйекте облыстың басым бөлігінде, Таразда төтенше өрт қаупі болады. 

Ұлытау облысы

Аймақтың басым бөлігінде, Жезқазғанда жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Қарағанды облысы

Өңірдің батысы мен шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама