Halyq Uni логотип
×

Семейде өрт салдарынан екі адам ауруханаға түсті

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр

 Қымбат Елтайқызы 07.09.2024 | 17:02
Семейде өрт салдарынан екі адам ауруханаға түсті
фото: ТЖМ

ТЖМ өрт сөндірушілері оттан тағы бір газ баллонын шығарды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Абай облысының Семей қаласында жеке тұрғын үй жанды.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында 30 шаршы метр алаңдағы жалын сөндірілді. Екі тұрғын ауруханаға жатқызылды, – деп қосты ведомство.

Мамандар азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама