Halyq Uni логотип
×

AMANAT партиясының мүшесі зорлаған ұл өзінің туысы болып шықты

Экс-депутаттың өзінің кәмелетке толмаған 3 баласы бар

 Халық үні 07.09.2024 | 07:44
AMANAT партиясының мүшесі зорлаған ұл өзінің туысы болып шықты
фото: gov.kz

Бала зорлады деген күдікке ілінген AMANAT партиясы филиалының бұрынғы басшысы жәбірленуші баланың туысы болып шықты, деп хабарлайды Halyq Uni Жетісу облыстық білім басқармасына сілтеме жасап.

Бала зорлады деген күдікке ілінген AMANAT партиясының мүшесі Серікқан Жақыповтың ісіне қатысты мәліметтер белгілі болды. Оқиға 15 тамызда депутаттың үйінде болған. Ер адам жәбірленушінің туысы (әйелінің әпкесінің ұлы) болып шықты, – делінген білім басқармасының хабарламасында.

Полицияға сорақы оқиғаны жәбірленген 7 жасар баланың анасы хабарлаған. Білім басқармасының мәліметінше, жыныстық зорлық-зомбылық әрекеті Серікхан Жақыповтың Жансүгіров ауылындағы үйінде болған.

Экс-депутаттың өзінің кәмелетке толмаған 3 баласы бар.

Қазір жәбірленуші баланың оқу үлгерімі жақсы. Ол сурет салуды және футбол ойнағанды жақсы көреді. Мектеп психологы психокоррекциялық жұмыстарды жүргізді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама