×

Жахан Отарғалиевтың әкесі жол апатына ұшырады

Оқиға Атырау-Орал тасжолының бойында болған

 Халық үні 06.09.2024 | 22:22
фото: instagram.com/stories/zhahan_utargaliyev

Шоумен, актер Жахан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасына әкесінің жол апатынан аман қалғанын жазды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Оқиға Атырау-Орал тасжолының бойында болған.

Бауырлар, шамалы ойланған дұрыс сияқты. Өткен жұма күні таңда Атырау-Орал жолында болған жағдай. Сәл жәй жүрген дұрыс-ау. Такси айдап жүрген бауырлар, сіздерді де үйлеріңізде бала-шағаңыз күтіп отыр. Тым болмаса, соларды да ойлаңыз. Әкем Алланың қалауымен аман қалды, – дейді Жахан Отарғалиев.

Одан кейін актер әкесінің жағдайын айтып, аяғында ісік пайда болғанын жеткізді.

Әкемді қалаға алып келдім. Енді жәй-жәй қалыпқа келеміз. Бастысы, аман қалды. Әке-анамыз аман болсын! Оларға көтере алмайтын сынақ бермесін! – деп жазды ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама