Жағдайға қатысты облыстық білім басқармасы мәлімдеме жасады
Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы орта мектептің дәретханасына бейнебақырау камерасы орнатылғаны анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Мектеп директоры ақпаратты растап, түсінік берді. Бейнекамера мектептің ерлер дәретханасына орнатылған.
Мектеп дәретханасында бірнеше рет материалдық шығын келтіріліп, ұсақ бұзақылықтың болуына байланысты қолжуғыштарды түсіретін бейнекамера орнату қажет болды. Алайда оқушылардың құқығы бұзылған жоқ. Камераны орнату туралы шешім мектеп әкімшілігі мен қамқоршылық кеңесінің басшысымен бірлесе қабылданған. Бұл шара тек тәртіпті сақтау және одан әрі заң бұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданды. Жазбаларды мен ғана көре аламын, – деді мектеп директоры Тәттігүл Қалиева.
Жағдайға қатысты Атырау облыстық білім басқармасы да мәлімдеме жасады. Басқарма камераның алынатынын және тексеру үшін комиссия құрылғанын атап өтті.
Қазір Атырау облысының білім басқармасы камераны алып тастау туралы шешім қабылдады. Басқармада аталған фактіні зерттейтін комиссия құрылды. Нәтижесі қосымша хабарланады, – делінген Атырау облыстық білім басқармасының хабарламасында.