Кеген – Нарынқол жолындағы жұмыстар биыл аяқталады
2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының туристік нысандарына апаратын 145 шақырым жол жөнделеді. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Осылайша 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысы Кеген және Райымбек аудандары арқылы өтетін республикалық маңызға ие 145 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Учаскелердің бір бөлігін биыл аяқтау жоспарланған.
Райымбек ауданындағы Текес және Нарынкөл ауылдары арасындағы 15 шақырым «Кеген – Нарынқол» республикалық жол учаскесінде жүргізіліп жатқан орташа жөндеу жұмыстарына инспекция жүргізілді. Бұл жұмыс Қазақстанның Даму банкі қаржыландыратын ауқымды орташа жөндеу бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатыр. Бұл учаскені биыл жыл соңына дейін ашу жоспарланып отыр.
Жалпы осы бағдарламаның шеңберінде 2025 жылдың соңына дейін Алматы облысының Кеген және Райымбек аудандарында 145 шақырымды құрайтын автомобиль жолдарына орташа жөндеу жоспарланған: