Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында 4 жұп егіз бір сыныпта оқып жатыр

Олар көпбалалы отбасында туған

 Дәурен Ерболат 06.09.2024 | 14:50
Түркістан облысында 4 жұп егіз бір сыныпта оқып жатыр
Фото: Telegram/otyrarkz

Түркістан облысы Ордабасы ауданында 4 жұп егіз бір сыныпта оқып жатыр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Otyrar.kz дерегінше, биыл аудандағы Өтебай Тұрманжанов атындағы мектептің бірінші сыныбына 4 жұп егіз барған.

Олардың бірі – Әмина Серікбай мен Алина Серікбай. Олар осы білім ордасындағы 1А сыныбында оқиды. Олар көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатыр. Үйінде 7 бала бар.

Бірінші сыныпқа барған Ақарыс Нұрғали мен Бекарыс Нұрғалидің үйінде 6 бала болса, Нұрдәулет Сәрсен және Бақдәулет Сәрсеннің отбасында 4 бала тәрбиеленіп жатыр.

Сонымен қатар ауданда бірінші сыныпта оқитын Аян мен Аяла Асқар атты егіз де бар. Олардың отбасында 6 қыз және бір ұл бар.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама