×

Астаналық әйелдің 5 млн теңгесін иемденген әзербайжандық Бакуде ұсталды

29 жастағы ер адам өзін банк қызметкері ретінде таныстырған

 Халық үні 06.09.2024 | 13:13
Фото: Halyq Uni

Елордада алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген Әзербайжан азаматы Бакуде ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы полициясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бакуде халықаралық іздеуде жүрген 29 жастағы әзербайжандық анықталды. Ол 2022 жылдың ақпанында астаналық әйелді алдап, 5 250 000 теңге көлемінде ақшаны заңсыз иемденген.

Ол өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, банк шотын зиянкестердің әрекеттерінен қорғаймын деп қолма-қол ақшаны иемденген.

Ұсталған адамға қатысты Қазақстанның Қылмыстық кодексінің бабы – ірі көлемде жасалған алаяқтық айыбы тағылды. Қазір қылмыстық істі қайта тапсыру мәселесі шешіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама