×

Астанада әншілердің қатысуымен концерт өтеді

Түркістан және Ақмешіт көшелерінің бір бөлігі жабылады

 Дәурен Ерболат 06.09.2024 | 11:05
Фото: qazexpocongress.kz

Ертең елордада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында эстрада әншілерінің қатысуымен концерт ұйымдастырылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Астана қаласы әкімдігінің мәліметінше, концерт 6 қыркүйекте сағат 17:00-де ЭКСПО аумағында өтеді. Оған Маржан Арапбаева, Мирас Жүгінісов, Ғазизхан Шекербек, ARO, Қуандық Рахым, Ақбота Керімбекова, Ayree, «Бәйтерек» тобы, Royal Beats барабаншылар ансамблі, «Жошы» тобы және тағы басқа әншілер қатысады.

Концертке дейін «Бірлік Керуені» салтанатты іс-шарасы өтеді. Осыған байланысты Түркістан және Ақмешіт көшелерінің бір (ЭКСПО маңы) бір бөлігі жабылады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама