Шымкентте есірткі зертханасын ұйымдастырған екі шетелдік ұсталды
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.
Шымкентте синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан шетелдіктер ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Есірткі заттарының кезекті партиясын дайындау кезінде екі шетелдік ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардан шамамен 4 келі мефедрон, 50 литр прекурсор, шетел валютасында қомақты ақша, сондай-ақ синтетикалық есірткі дайындауға арналған зертханалық жабдық тәркіленді, – делінген ҰҚК хабарламасында.
Аталған дерекке қатысты Қылмыстық Кодекстің 297-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.