Halyq Uni логотип
×

Конституциялық сот бейбіт жиналысты өткізуге шектеудің заңға сәйкестігін тексереді

Тексеріс азаматтың өтініші негізінде жасалады

 Қымбат Елтайқызы 05.09.2024 | 11:40
Конституциялық сот бейбіт жиналысты өткізуге шектеудің заңға сәйкестігін тексереді
фото: Halyq Uni

Конституциялық сот бейбіт жиналыстарды өткізуге шектеулердің Конституцияға сәйкестігін тексереді, деп хабарлайды Halyq Uni.

Конституциялық сот алдын ала қарау қорытындысы бойынша «Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» заңның 11-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларының және 14-бабы 1-тармағының 10) тармақшасының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы азаматтың өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады, деп мәлімдеді Конституциялық сот.

Даулы нормаларға сәйкес, егер болжамды уақытта және таңдалған жерде басқа ресми немесе бұқаралық іс-шаралар жоспарланған болса немесе құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілсе, жергілікті атқарушы органдар бейбіт жиналыстар өткізуден бас тартуы мүмкін, – деп қосты ведомство.

Сонымен қатар, уәкілетті органдарға азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, сондай-ақ көліктің үздіксіз жұмыс істеуін және инфрақұрылым объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушыларға жиналыстың орнын немесе уақытын өзгертуді ұсыну құқығы беріледі.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама