×

Жұмысына салғырт қараған бір топ басшы жауапқа тартылды

Мемлекетке 184 млн теңге залал келген

 Дәурен Ерболат 05.09.2024 | 09:51
Фото: ОКҚ

Бас прокуратура мемлекет иелігіндегі мүлікке жүргізілген тексерістің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тексеріс барысында олқылықтар анықталды. Мысалы, Ұлытау облысының прокуратурасы Қарағанды мемлекеттік мүлік департаменті басшыларының бірін сотқа берді (Қылмыстық кодекстің 371-бабының 2-бөлігі – «Салғырттық»).

Ол мемлекетке 184 млн теңгеге залал келтіруге әкеп соққан мемлекеттік меншік объектісін иеліктен шығару кезінде жұмысына немқұрайлылық танытты деп айыпталды, - деп жазылған Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Бас прокуратураның ұсынуы бойынша жүйелі кемшіліктер мен олқылықтар үшін мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің 35 лауазымды тұлғасы, оның ішінде өңірлік департаменттердің бірінші басшылары жазаланды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама