Олардың қайда екені 6 күннен бері белгісіз
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының тұрғыны – 23 жастағы Валерия есімді әйел 30 тамыздан бері із-түзсіз жоғалып кеткен, деп хабарлайды Halyq Uni «Ақтөбе Таймс» басылымына сілтеме жасап.
Валерияның анасы қызын өзінің ажырасуды жоспарлап жүрген күйеуі ұрлап кеткенін айтады.
30 тамызда кешке қызым достарымен серуендеуге кетіп, қайта оралмады. 1 қыркүйекте полицияға арыз жаздым, – дейді Валерияның анасы Юлия.
Әлеуметтік желілердегі ақтөбелік парақшаларда да қыздың жоғалып кеткені туралы ақпарат жарияланған. Ал анасы қызының өміріне қатты алаңдап отыр.
Валерияның күйеуі маған таңғы сағат 7-де қоңырау шалып, «Енді оны көрмейсіңдер!» деді. Ал 3 қыркүйекте түнгі сағат 02:18-де Валериядан кейінірек телефон соғатыны туралы хабарлама келді. Ал таңертең «Анашым, ол мені ұрып жатыр. Мен қайда екенімді білмеймін» деген жаңа хабарлама келді, – дейді Юлия.
Валерияның қайда екені әлі де белгісіз. Анасының айтуынша, ол күйеуімен ажырасқалы жүрген.
Олар бір жылға жуық бірге тұрады. Қаңтар айында ресми түрде үйленді. Балалары жоқ. Біз екі айға жуық жақсы өмір сүрдік. Күйеуі еш жерде жұмыс істемейтін және істегісі де келмейтін. Осыған байланысты отбасында кикілжің пайда болды. Олар ажырасуды жоспарлап жүрген, – дейді Юлия.
Жағдайға қатысты облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады.
Орналасқан жерін анықтау бойынша жедел шаралар жүргізіліп жатыр. Біз сиқыршы емеспіз, іздейміз. Полицияда әзірге нақты ақпарат жоқ, – дейді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.