Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс қаралды
Қарағанды облысында құқық қорғау органдары Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп-лицейде жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы екі рет жалған ақпарат берген жасөспірімге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Бала 2 және 3 қыркүйекте төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне хабарласып, өзін қала мектептерінің бірінің оқушысы ретінде таныстырған. Ол мектепте бомба орналыстырылғанын айтқан.
Тексеру барысында ақпарат расталмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде Қарағанды облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп-лицейдің кәмелетке толмаған оқушысының жалған терроризмге қатысы бар екенін анықтады, – делінген полиция хабарламасында.
Ұсталған баланың айтуынша, ол сабаққа қатысқысы келмегендіктен осындай қадамға барған. Оның ата-анасы тәрбиелеу бойынша міндеттемелерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.