Halyq Uni логотип
×

Отбасы күнін тойлаудың жаңа концепциясы ұсынылды

2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді

 Халық үні 04.09.2024 | 09:49
Отбасы күнін тойлаудың жаңа концепциясы ұсынылды
Фото: Halyq Uni

Отбасы күнін тойлаудың жаңа концепциясы ұсынылды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

2-8 қыркүйек аралығында Отбасы күніне арналған апталық өтеді. Әр күн арнайы тақырыпқа арналады. Оның ішінде отбасылық дәстүрлер, неке жоспарлау, репродуктивті денсаулық, саналы ата-ана болу, отбасылық демалыс және басқа да тақырыптар бар.

Қазір отбасы мен некенің жағымды имиджін қалыптастыру, отбасы құндылықтарын насихаттау, ата-аналардың балаларды тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, балаларының қарт ата-аналарына қамқорлық жасауы – ұлттық маңызы бар міндеттер, - деді мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов.

Сондай-ақ әлеуметтік зерттеу қорытындысы да айтылды.

Сауалнама нәтижесі бойынша респонденттердің 62,7%-ы отбасыда қамқорлық, өзара құрмет көрсету және қолдау маңызды деп санайды. Одан кейін орында – махаббат (43,2%) және балалар (38,7%).

Серіктес жаңалықтары

Сараптама