×

Алматыда көлік бағанға соғылып, өртеніп кетті (ВИДЕО)

Жүргізуші аман қалды

 Динара Амантай 10.06.2022 | 12:27
Фото: видеодан скриншот

Алматыда әл-Фараби даңғылында түнде жол апаты болды. Көлік бағанға соғылып, түгелдей өртеніп кетті.Оқиға 10 маусым күні сағат 03:05 шамасында болған. Бұл туралы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Шығыс бағытта келе жатқан BMW көлігі жарнама бағанына соғылып, артынша отқа оранды. Оқиға салдарынан жүргізуші түрлі дене жарақатын алды. Аталған деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тексеріп жатыр, – деді Алматы қалалық полиция департаменті Анықтау басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Жүргізуші медициналық мекемеге жеткізілді.

 

Серіктес жаңалықтары

Сараптама