Halyq Uni логотип
×

Алматы облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін

Сынама нәтиже әлі дайын болмаған

 Халық үні 03.09.2024 | 17:35
Алматы облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Алматы облысында төрт адам сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ресми ақпарат бойынша, 1 қыркүйекте Ұйғыр ауданы Үлкен Аксу ауыл округінде сібір жарасын жұқтырған болуы мүмкін төрт жағдай тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша инфекция ауру малды сою кезінде жұққан.

Айта кетейік, сібір жарасы адамнан адамға жұқпайды.

Облыс мамандары аурудың нақты себебін анықтау үшін науқастардың үйінен сынама алды.

Бактериологиялық зерттеу нәтижесі жақын арада дайын болады деп болжанып отыр.

Елдімекенде дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді, науқастардың жеке шаруашылығы карантинге жабылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама