Halyq Uni логотип
×

Түркістан облысында барымташылар тобы ұсталды

Олардың бірнеше қылмысқа қатысы бар болып шықты

 Қымбат Елтайқызы 03.09.2024 | 13:22
Түркістан облысында барымташылар тобы ұсталды
фото: polisia.kz

Тәртіп сақшылары мал ұрлығының 10-нан астам дерегіне қатысы бар адамдар тобын құрықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Түркістан облысының сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ордабасы, Арыс және Бәйдібек аудандарының аумағында мал ұрлаумен айналысқан адамдар тобының қылмыстық әрекетін тоқтатты.

Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен Ордабасы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 3 күдіктіні ұстады. Оның екеуі бұрын сотты болған, – делінген ақпаратта.

Бүгінгі таңда жедел уәкілдер шығыны 7 миллион теңгеге жуық болатын мал ұрлығының 10-нан астам фактісіне қатысы барын анықтады. Күдіктілер көбіне сиыр мен қой ұрлаған. Содан кейін ұрланған малды Шымкентке өткізіп отырған.

Тәртіп сақшылары тінту шараларын жүргізу кезінде ұрланған малдың бір бөлігін тәркілеп, заңды иелеріне қайтарды. Күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп, олардың басқа да осыған ұқсас қылмысқа қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама