Референдум 6 қазанда өтеді
АЭС салу бойынша референдум өткізуге 15,5 млрд теңге қажет. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мүшесі Сәбила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Референдум туралы заңның 20-бабына сәйкес, біз орталық референдум комиссиясы Үкіметке шығын сметасын жобасын дайындап жібереміз. Бүгін таңертең оны істедік. Орталық комиссияның дайындаған сметасында шығыстардың жалпы сомасы – 15,5 млрд теңге, – деді Мұстафина.
Айта кетейік, АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жолдауында айтты. Ол жерде қазақстандықтар «Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?» деген сұраққа жауап береді.