Жастарға сапалы білім беру маңызды – кәсіподақ төрағасы

Халық үні

Бұл қоғамның дамуы үшін керек

Фото: Салалық кәсіподақтың баспасөз қызметі

Білім кәсіподағы орталық аппараты қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жолдауда Президент мемлекет дамуының негізгі сыртқы саяси, экономикалық және әлеуметтік векторларына тоқталды. Құжатта білім беру сапасын жақсартуға да ерекше назар аударылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев мектептердің жұмысын жақсартумен қатар мұғалімдердің біліктілігін арттыруға, олардың әлеуметтік мәртебесін көтеруге керегін атап өтті.

Салалық кәсіподақ төрағасы Айгүл Мұқашева жастарды сапалы біліммен қамтамасыз ету әрі білікті мамандарды даярлау әрқашан мемлекеттің назарында екенін жеткізді.

Бұл тұрғыда мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағы Жолдауда қозғалған басым бағыттарды қолдайды. 600 мыңға жуық кәсіподақ мүшесін біріктіретін педагогтар кәсіподағы әр кәсіподақ мүшесіне Жолдауда жүктеген міндеттерді түсіндіру бойынша жұмыстар жүргізеді, - деді кәсіподақ төрағасы.