Полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады
Kerek.pv Telegram арнасына павлодарлық ер адамдың бала зорлағаны туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Halyq Uni.
Күдіктінің футбол бапкері екені белгілі болды. Ол 10 жастағы қызға тиіскен. Ал полиция күдіктінің ұсталғаны туралы ақпаратты растады.
Кәмелетке толмағанға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерін жасады деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, Павлодар қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп түсіндірді облыстық ПД баспасөз қызметі.
Қазір тергеу барысы Павлодар облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.