Halyq Uni логотип
×

Абай облысында 55 жастағы сотталған әйел оқуға түсті

Олар аспазшы, кондитер, тігінші мамандықтарына оқи алады

 Дәурен Ерболат 02.09.2024 | 19:06
Абай облысында 55 жастағы сотталған әйел оқуға түсті
Фото: polisia.kz

Абай облысында колонияда жазасын өтеп жатқан 50-ге жуық әйел оқуға түсті, деп хабарлайды Halyq Uni.

Polisia.kz мәліметінше, Риддер қаласының 55 жастағы тұрғыны адам өлтіргені үшін 7 жылға сотталған. Түрмеге былтыр түскен.

9-сыныпты бітіргеннен кейін жаман ортаға түстім. Салдарынан мектепті бітіре алмадым. Енді 55 жасымда колонияда білім алып, оқуымды жалғастырғым келді. Өйткені білім алуға ешқашан кеш емес. 2 ұлым мен 1 қызым бар. Ұлым да түрме де жазасын өтеп жатыр. Қызымның өз отбасы бар. Аттестат пен наубайшының дипломын алып, бостандыққа шыққым келеді, - деді әйел.

Колониядағы тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс бөлімінің басшысы Ақмарал Қайранова сотталған әйелдер үшін сабақ 2 қыркүйекте басталатынын айтты.

19 әйел орта мектепке, тағы 31-і кәсіптік училищеге қабылданды. Онда олар аспазшы, кондитер-наубайшы және тігінші мамандықтарын оқи алады, – деді басшы.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама