×

Грантқа түсіруге уәде берген астаналық 15 талапкерді алдап кеткен

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

 Динара Амантай 02.09.2024 | 15:53
Фото: Halyq Uni

Астанада грантқа түсу үшін ауыл тұрғындарынан ірі көлемде ақша алған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы ауданының қылмыстық ПБ қызметкерлері қазақстандықтардың ақшасын алаяқтық жолмен иемденген 21 жастағы тұрғынды анықтап, ұстады. Алаяқ елордадағы беделді жоғары оқу орындарының біріне грантқа түсіруге уәде берген. Ол жәбірленушілердің барлығының шетелде білім алып жатқанын пайдаланып, осы салада таныстары бар екенін айтқан.

Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 7 миллион теңге болды. Жігіт жасаған қылмысын мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысында ұсталған адамның осыған ұқсас 15 эпизодқа қатысы бар екені анықталды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама