Бүгінде науқастың жағдайы ауыр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтарға көмектесуге дайын екенін айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.
Ербаянның жағдайы бақылауда. Тиісті көмек көрсетіліп жатыр. Бүгінде науқастың жағдайы ауыр. Сіздер айтқан қосымша күтім көрсету мәселесін қарастырамыз. Қосымша персонал керек болса, қамтамасыз етеміз, – деді Ақмарал Әлназарова Астанада Парламенттің бірлескен отырысынан соң.
Айта кетейік, Алматыда орналасқан Ұлттық ұланның №5571 бөлімінде сарбаз Ербаян Мұхтар құлап, комаға түскен еді. Науқас 4 айға жуық уақыт оянбастан жатқан. Биыл мамырда ол есін жиған болатын.