×

Астанада абитуриент университеттен музыкалық аспап ұрлаған (ВИДЕО)

Жігіт кінәсін мойындады

 Динара Амантай 02.09.2024 | 13:15
Фото: polisia.kz

Астанада университеттен музыкалық аспап ұрлаған абитуриент ұсталды, деп хабарлайды Halyq Uni.

Тергеу барысында жас жігіттің іс-шараларда музыкант болып жұмыс істейтіні және алдағы қойылымға аспап қажет болғаны белгілі болды. Құжаттарды тапсырған күні ол құралды университет бөлмесінен байқаған. Бөлмеге жасырын кірген жігіт баянды ұрлап, орталық есіктен шығып кеткен. Ол университетке 150 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы ұрлықшыны анықтады. Ол осы университеттің 18 жастағы талапкері болып шықты. Ол жасаған қылмысын мойындады, – делінген полиция хабарламасында.

Аспап тәркіленіп, білім мекемесіне қайтарылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама