Halyq Uni логотип
×

Коммуналдық шаруашылық туралы ұлттық жоба жыл соңына дейін бекітіледі

Тоқаев азаматтар арасында коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыруға да тоқталды

 Дәурен Ерболат 02.09.2024 | 11:56
Коммуналдық шаруашылық туралы ұлттық жоба жыл соңына дейін бекітіледі
Фото: Halyq Uni

Қазақстандықтар арасында коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру өте маңызды. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Halyq Uni тілшісі.

Президент салада инфрақұрылымға қатысты өзекті мәселелерді шешу керегін жеткізді.

Ең алдымен жұмыс энергетика және коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілуге тиіс. Қазір энергия өндіретін жаңа нысандар салу үшін берілетін несие шарттарын қолайлы деп айта алмаймыз. Сондықтан Үкімет қаржы институттары арқылы ұзақ мерзімге арналған қолжетімді несие беру жолдарын ойластыруға тиіс.

Мемлекеттің ұзақ уақытқа арналған нақты тариф саясаты, яғни тиісті жоспары болуы керек. Бұл – осы салаға «ұзақ мерзімге инвестиция тартудың» негізгі шарты. Алайда тұтынушыларға арналған тарифтің орынсыз өсуіне жол беруге болмайды, - деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.

Мемлекет басшысы энергетика және коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жыл соңына дейін бекітуді тапсырды.

Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру – өте өзекті мәселе. Келесі жылдан бастап нақты ережелер енгізілуге тиіс. «Көп тұтынсаң – көп төлейсің» қағидатын басшылыққа алу қажет. Алайда тұтынушылар жеке монополистердің шырмауында жалғыз қалмауға тиіс. Заңнамаға әлеуметтік маңызы бар қызметтер деген ұғым енгізілуі керек. Оны мемлекеттік қызмет көрсету үдерісі сияқты реттеген жөн, - деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама