Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр
«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшесінің қызметкерлері Шу ауданындағы жеке үйдің ауласынан қарасора плантациясын анықтады, деп хабарлайды Halyq Uni.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам жаз бойы күтіп баптаған өсімдіктердің орташа биіктігі 2-3 метрге жеткен. Тәртіп сақшылары жалпы салмағы 235 келі 490-нан астам бұтаны жойды.
Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.