Halyq Uni логотип
×

АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді

Президенттің айтуынша, қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады

 Халық үні 02.09.2024 | 11:36
АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді
Фото: Коммерсантъ/ Олег Харсеев

АЭС салу бойынша референдум 6 қазанда өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға жолдауында айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді. Бүгін тиісті Жарлыққа қол қоямын. Алдағы референдум кең ауқымды жалпыұлттық диалогтың тағы бір айқын көрінісі болмақ. Шын мәнінде, бұл – «Халық үніне құлақ асатын мемлекетке» тән сипат, – деді Тоқаев жолдауында.

Президенттің айтуынша, қазір әлемде энергия тапшылығы күшейіп барады. Елімізге сенімді және экологиялық таза қуат көздері аса қажет.

Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға баса мән беруіміз керек деп ойлаймын. Себебі экономикамыз күн өткен сайын мол энергияны қажет етуде. Мұндай сұранысты атом энергетикасы қамтамасыз ете алады. Қазір дамыған және дамушы 30 мемлекетте 200-ге жуық атом электр стансасы жұмыс істеп тұр, – деді президент.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама