Самара-Шымкент тасжолында Ауғанстанның заңсыз жүрген 15 азаматы ұсталды
Олардың бесеуінде төлқұжат мүлде болмаған
Ақтөбе облысында полицейлер мен шекарашылар Самара-Шымкент тасжолындағы Қарабұтақ елді мекені маңында шетелдіктер мінген 3 көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде Ауғанстанның 15 азаматының виза мерзімі өтіп кеткені анықталды, деп хабарлайды Halyq Uni жергілікті «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Тексеріс кезінде қалған бесеуінде төлқұжат мүлде болмаған. Барлық жағдайды анықтау үшін олар көші-қон қызметі басқармасына жеткізілді. 11 шетелдіктің елордалық университеттің студенттері екені анықталды. Олардан өзгесі елімізге жұмыс визасымен келген, - делінген хабарламада.
Ақтөбе облысының полиция департаменті елімізде заңсыз жүрген шетелдіктер туралы мәлімет білетін азаматтардан 102 телефонына хабарласуды сұрайды.